ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингісінің 12-ші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Траралгон қаласында өтіп жатқан ITF J300 жасөспірімдер турнирінің ширек финалына шығып, тарихи табысқа қол жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан тумасы Аустралияның жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионаты қарсаңында өтетін беделді турнирдің үздік сегіздігінің тізіміне сенімді түрде енді.
Үшінші айналымда қазақтың жас спортшысы ITF Juniors рейтингісінде 21-орында тұрған АҚШ өкілі Гэвин Гудты жеңді.
Бұл еліміз үшін тарихи жеңіс болды. Сабебі Заңғар Нұрланұлы Траралгондағы J300 турнирінің жеке сайысының 1/4 финалына шыққан алғашқы қазақстандық жасөспірім болып тарихқа енді.
Жарыстың жартылай финалына шығу үшін талантты спортшы ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гута Мигельмен кездеседі.

