ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тілемисовтың төрағалығымен аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалды талқылауға арналған жиын өтті. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудан прокуроры Дастан Мырзағали, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бөлім мен мекеме басшылары қатысты.

Басқосуда өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу, халықпен тиімді кері байланыс орнату, және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі туралы нақты ақпарат берді.

Өз кезегінде Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын күшейтудің маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына дер кезінде назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қоғамдық келісімді сақтау, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды