ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕҢЕС ӨТТІ

Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейінде ұстаздар мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Бексар Амангелдіұлы және ювеналды полиция тобының қызметкерлері қатысып, қатысушыларға интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттердің түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары мен заң талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары мен әкімшілік жауапкершілік туралы айтып,  құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында кеңес өткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды