ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Созақ аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің бастығыНұрлан Мұратов, ІІО ардагері, Саттар Түбекбаев, білім бөлімінің мамандары мен мектеп директоры С.Мәлікайдаров қатысты.

Басқосуда оқушыларға «Жас сақшы» полиция сыныбы таныстырылып, буллинг, нашақорлық және ойынқұмарлықтың зияны жөніндегі бейнематериалдар көрсетілді. Полиция полковнигі Н.Мұратов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қылмыспен күрестің маңызды бағыты екенін атап өтті.

Сондай-ақ жастар арасында заңды білмеудің көптеген құқық бұзушылықтарға себеп болатынын айтып, мұндай түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде өткізудің маңызын жеткізді.

Жиын соңында мектеп басшылығы кездесудің тәрбиелік мәнін атап өтіп, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды