ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТУ МІНДЕТІ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы мәселе бойынша көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы Сарыағаш аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Азамат Диханбаев, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.

Келесі мәселе жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген апаттардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың  барысы талқыланды. Бұл жөнінде Сарыағаш аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Тұяқов және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев ақпарат берді.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасыны қолдау орталығы» КММ директоры Марат Тарахтиев баяндама жасады.

Комиссия отырысында айтылған  мәселелер бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту міндеті қойылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды