ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУ ҚАУПІ ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғаларға қатысты кезекті профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру жұмыстарына Түркістан облысы Полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Айгерім Жарқынбек және Түркістан қалалық полиция басқармасының инспекторлары қатысты.

Іс-шара барысында қорғау нұсқамасы талаптарының сақталуы, тұрмыстық қатынастардағы ахуал мен құқық бұзушылықтардың қайталану қаупі жан-жақты зерделенді. Тексеру нәтижесінде бірқатар тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, нұсқама талаптарын бұзған азаматтарға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды