УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылында болып, елді мекенде атқарылып жатқан құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылауына алды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан басшысы ауыл аумағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Әр жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс сапасына ерекше назар аударды. Бұл жөнінде жауапты мердігер мекеме өкілдері мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Аралау кезінде Қ.Омарұлы көшесінде бой көтеріп жатқан жабық футбол алаңының құрылыс аумағында болып, жұмыстардың сапасын тексерді. Сондай-ақ ауылда салынып жатқан учаскелік полиция пункті мен өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысымен танысты.

Бұдан бөлек, ауылдың сәулеттік келбетін айшықтайтын «Бәйтерек» кешенін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарының сапасын көріп, тұрғындардың демалысына арналған орталық саябақтың құрылыс жұмыстарын назарға алды.

Аудан басшысы жауапты мамандарға нысандардың уақтылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды