Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аула мен пәтерлерді аралап, халықпен кездесіп, есепте тұрған азаматтарды тексеруде. Сонымен қатар құқық бұзғандар анықталып, азаматтық қару иелерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша заң талаптарына сәйкес бақылау жүргізілуде.
Қоғамға жат әрекеттердің алдын алу үшін жалдамалы пәтерлер, базарлар мен өзге де сауда орындары, қолайсыз отбасылар, сондай-ақ жастар мен кәмелетке толмағандар жиналатын орындар ерекше қадағалауға алынған.
Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

