Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы гигиеналық тораптар жүйесінің жұмыстарын қадағалады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы 30 әжетхана орналасқан. Оның ішінде, 1-еуі ақылы жолдар дирекциясы есебінен, ал 10-ы жеке инвесторлар тарапынан абаттандырылған.
Қазіргі таңда 108 жол сервис нысаны және демалыс алаңдарында 9 санитарлық гигиеналық торап орналасқан. Тағы 5 санитарлық гигиеналық торап салу жоспарлануда.
▪️27 демалыс алаң бар. Олардың қарқындылығы тәулігіне 3500-ден астам автокөлікті құрайды.
▪️5000 м² шұңқырларды жөнделді.
▪️180 жол белгі орнатылды.
▪️1940 доңғалаққағарлар (КОБ) жөнделді.
▪️3307 шақырым жолдың жүріс бөлігі таңбаланды.
▪️Жол жамылғысындағы 10 000 жарық жөнделді.
▪️30000 Катафот орнатылды.
▪️329 м² шу жолақтары орнатылды.
Сонымен қатар жыл басынан бері автомобиль жолдарының бойында орналасқан аялдамалар мен демалыс алаңшалары, санитарлық тораптар, бұған қоса жалпы жол элементтерін сырлау, жаңарту жұмыстары, өртке қарсы минералды жолақ жырту, жол жиегін жобалап жөндеу, жаяу жүргіншілер жолағын таңбалау сынды жұмыстары атқарылуда.
Зұлпыхар Сансызбайұлы тиісті сала өкілдеріне санитарлық талаптарды қатаң қадағалауды, жүргізушілер мен туристерге қолайлы жағдайлар жасап, ақпараттандыру жағын күшейтуді тапсырды.

