Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн форматта кезекті қабылдау өткізілді. Қабылдауды атқарушы хатшы Шырынбек Оңғаров жүргізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдаудың негізгі спикері – ҚАЖ департаменті Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Смаилов Даурен Асқарұлы болды.
Қоғамдық қабылдау барысында пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік-құқықтық мәселелері, жұмыспен қамту, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, қоғамдық жұмысқа тарту, бақылау мен профилактикалық шаралар сынды маңызды тақырыптар талқыланды.
Азаматтар тарапынан:
– жұмыссыз пробациядағы тұлғаларды жұмыспен қамту;
– тұрмысында қиындық туындаған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету;
– қоғамдық жұмысты орындау тәртібі;
– қайта құқық бұзушылықтың алдын алу;
– пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі бойынша сұрақтар көтерілді.
Спикер барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, әрбір мәселе бойынша нақты түсіндірме жасады.
Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/v/1EpF93d3Jw/?mibextid=wwXIfr
Қоғамдық қабылдау қорытындысында тұрғындар көтерген барлық өтініштер тіркеліп, тиісті органдарға жолданатын болды. Мәселелердің орындалуы «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болады.
Халық пен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайту – біздің басты мақсатымыз.

