ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛУ – ӨЗГЕ МАНИПУЛЯЦИЯЛАРДАН ҚОРҒАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛЫ

Қазіргі медиакеңістікте жалған ақпарат сирек жағдайда кездейсоқ таралады — оның артында әдетте нақты құрылған технология тұрады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында қарапайым қолданушылардың жасанды пікірталастарға қалай тартылатыны және шынайы мәселені манипуляциядан қалай ажыратуға болатыны көрсетіледі.

Технологияларды білу – өзге манипуляциялардан қорғанудың алғашқы жолы.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында талқыланған мәселелер:

— «ақпараттық толқын» дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді;

— оны ұйымдастырушылар қандай құралдарды пайдаланады — ботофермалар мен тапсырыспен жазылған пікірлерден бастап дипфейктер мен синхронды таратылымдарға дейін;

— мұндай кампанияларды кім және не үшін жүргізеді, олардың қоғамға әсері қандай;

— нақты мысалдар: бағалар мен тарифтерге қатысты дүрбелең, шенеуніктердің сөздерін бұрмалау, салық туралы қауесеттер.

Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресурстарынан көріңіз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды