Сертификатталған кабель өнімдері мен тұрмыстық техниканы таңдау – үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды қадамдарының бірі. Жалған өнімдерде көбіне өткізгіштің қимасы талапқа сай болмайды немесе оқшаулау сапасы төмен болады. Бұл қызудың күшеюіне, қысқа тұйықталуға, тіпті өртке әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.
Мұндай қауіптер сіздің денсаулығыңызбен өміріңізге тікелей қатер төндіреді.
- Міндетті растама: EAC белгісі
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында барлық электротехника міндетті тексерістен өтіп, қатаң Техникалық регламенттерге сай болуы тиіс.
Нені іздеу керек: EAC (Eurasian Conformity) логотипін іздеңіз.
Бұл белгі өнімнің келесі талаптарға сай екенін міндетті түрде растайды:
— Электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі (КО ТР 004/2011).
— Электромагниттік үйлесімділік талаптарына сәйкестігі (КО ТР 020/2011).
— Қауіпті заттардың құрамында жоқтығы (КО ТР 037/2016).
- Құжаттар және сатып алу орны
А. Құжаттарды тексеру
Сатушы талап етілген жағдайда тауарға арналған Сәйкестік сертификатын немесе Сәйкестікті декларациясын көрсетуге міндетті.
- Құжаттың түпнұсқалығын қалай тексеруге болады: Құжат нөмірін сұрап алып, оны ЕАЭО Бірыңғай тізілімінде тексеріңіз. Сертификат реестрде болуы керек.
- Құжаттарды көрсетуден бас тарту – сатып алудан бас тартуға елеулі себеп!
Б. Сатып алу орны
- Мамандандырылған дүкендерді, гипермаркеттерді немесе ресми дилерлерді таңдаңыз.
- Рұқсатсыз нарықтардан, стихиялық базарлардан және «қолдан-қолға» сатушылардан аулақ болыңыз — мұндай жерлерде көбіне сертификатталмаған контрафакт сатылуы мүмкін.
Жаңа фирмалық тауардың тым төмен бағасы — әрдайым қауіпті жалған өнімнің белгісі.
- Арнайы бақылау: Кабель өнімдері
Сапасыз кабель – өрттің ең жиі кездесетін себебі. Адал емес өндірушілер мысқа үнемдеу үшін тоқ өткізгіш өзектің қимасын әдейі кішірейтеді. Жіңішке сым жүктемеге шыдамайды, қызып кетеді, оқшаулауы еріп, қысқа тұйықталуға алып келеді.
Сапалы кабельдің белгілері:
— Ұзындығы бойымен толық әрі анық көрсетілген таңбалау (завод, қимасы, маркасы, ГОСТ).
— «нг» немесе «нг-LS» индексі (жанбайтын, түтін бөлінуі төмен).
— Өзек қимасының көрсетілген мәнге сәйкес болуы.
— Тығыз, біркелкі оқшаулау, өткір химиялық иіссіз.
Жалған кабельдің белгілері:
— Бұлдыр немесе толық емес таңбалау.
— Индекстің болмауы немесе жалған индекс.
— Өзектің көрсетілген қимадан айтарлықтай жіңішке болуы.
Оқшаулаудың оңай жыртылуы, жарықтары немесе қалыңдығының біркелкі болмауы.
- Сапасыз техниканың сыртқы белгілері
Корпус: саңылаулары бар, жіктері тегіс емес, сынғыш, жағымсыз иісі бар пластик.
Штекер мен сым: сым қатты, оңай сынады. Штекер мықты емес, розеткада бос тұрады. Қуатты техника үшін (мысалы, шәйнек, кір жуу машинасы) штекер үш контактілі (жерге қосылған) болуы керек.
Нұсқаулық: нұсқаулықтың болмауы немесе оның тек шет тілінде аудармасыз болуы — талаптарды бұзу болып саналады.
- Пайдалану кезінде (Өрттің алдын алу шаралары)
Артық жүктемеден сақтаныңыз: Бірнеше қуатты құрылғыларды (жылытқыштар, шәйнектер) бір розеткаға немесе ондай жалпы қуатқа есептелмеген ұзартқышқа қоспаңыз.
Оқшаулауды бақылаңыз: Егер оқшаулаудың зақымдануы, балқуы немесе розеткалар мен штекерлерде ұшқынның пайда болу белгілері байқалса — құрылғыны қолдануды дереу тоқтатыңыз.
Жылытқыштар: Жылытқыш құрылғыларды жанбайтын тұғырға орналастырыңыз және оларды киім кептіру үшін пайдаланбаңыз. Ешқашан оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Ескеріңіз: Сапасыз электротехника және пайдалану ережелерін бұзу — тұрғын үйлер мен өндірісте өрттің ең жиі кездесетін себептері.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 35-бабына сәйкес техникалық регламенттері енгізілген өнім белгіленген талаптарға сәйкес келуі және белгіленген тәртіппен расталуы тиіс. Сәйкестігі бағаланбаған және қажетті құжаттары жоқ өнімді айналымға шығаруға тыйым салынады.
Өнімнің айналымға сәйкестік құжаттарынсыз шығарылғаны туралы фактілер болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз! Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат, В корпусы, 2136-кабинет. Тел.: 87253357594, Эл. пошта: dktrm.turkestan@mail.ru.

