Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жыл сан алуан оқиғаларымен есте қалды. Бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесінде маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Дегенмен әлі де жүзеге асыратын шаруа аз емес.
Біз біргелікте алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жолында талмай еңбек етіп, қаламыздың әдемі әрі қолайлы бола түсуі үшін мәселелерді тиімді шешіп келеміз. Біздің басты міндетіміз – тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру болып қала береді.
Әріптестеріме маған деген сенімі үшін және қаламыздың дамуына белсенді үлес қосқаны үшін ерекше алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, қызметтік міндеттеріне байланысты Жаңа жылды отбасынан жырақта қарсы алған азаматтарға шынайы ризашылығымды айтамын. Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз.
Қымбатты жерлестер!
Жаңа жыл барлық арман-тілектеріңіз орындалатын, табысты әрі жемісті жыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, бейбітшілік және мол бақыт тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ,
Шымкент қаласының әкімі