ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ КҮШІ – ОНЫҢ БЕЙБІТ ӨМІРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНДЕ

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен 25 қазан «Республика күніне» орай салтанатты сап түзеді. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Республика күні — бұл еліміздің тәуелсіз шешім қабылдай алатын, өз жолын айқындаған, бірлік пен ерліктің мейрамы. Бұл күн – Қазақстан халқының азаттығы мен елдігі үшін атқарған еңбегін еске алу, елге қызмет етудің қадірін түсінетін сәт.

Өрт сөндірушілер – сол ерлік пен елге адал қызметтің бүгінгі символы. Олар да өз өмірін қауіпке тігіп, халықтың амандығы үшін аянбай тер төгеді. Республика күнін тойлау – тек өткенге тағзым емес, қазіргі бейбіт өмірімізді қорғап жүрген азаматтарға құрмет білдіру.

Өрт сөндірушілердің батылдығы мен жауапкершілігі — ел тәуелсіздігін сақтауға үлес қосып жүрген ең құрметті істердің бірі. Себебі тәуелсіз елдің күші – оның бейбіт өмірі мен қауіпсіздігінде.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды