ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ЖЫЛУ БЕРУ КЕСТЕГЕ САЙ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан қаласында 12 561 тұтынушы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде, 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік ұйым, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке тұрғын үй бар. Барлық тұтынушыларға жылу беру кестеге сай және тұрақты жүргізіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тұрақты бақылауында. Қала басшысы кезекті рет нысандарды аралап, жауапты тұлғаларға жылу маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қаладағы 1 және 2 мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде тұрғын үйлер жылыту маусымына толық дайын.

Алдағы жылыту маусымында тұрғындардан түсетін өтініштерге жедел әрекет ету, ақау анықталған жағдайда дер кезінде жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қысқы маусымның тұрақты және қауіпсіз өтуі үшін қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырмақ.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды