ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында қала аумағында бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, «Ортақ пайдаланудағы орындарды ластау» бойынша – 14 азаматқа, ал «Абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша – 582 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады. Тәртіп сақшылары тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосуға шақырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды