ТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДА 55 АДАМНЫҢ СУҒА КЕТУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Облыс бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді 2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға – 2 078 062 теңге, 3 заңды тұлғаға және 3 кәсіпкерге – 235 920 теңге айыппұл салынды”, — деді  спикер.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды