28 маусым БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Журналистер арасында өткен дүбірлі додаға Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы БАҚ өкілдерінен 10-нан астам команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Нәтижесінде “Түркістан БАҚ” құрамасы — 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді еншілеп, командалық есепте үздік үштікке енді.
Атап айтар болсақ, үстел теннисінен ерлер арасындағы сайыста “Түркістан” газетінің тілшісі Дәурен Тілеухан алтын медальді қоржынға салды. Сондай-ақ, облыс журналистерінен құралған футбол командасы 2-орынға жайғасса, волейбол командасы қола медальді қанағат тұтты.