Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің І тоқсандық отырысы өтті.
Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы модераторлық етті.
Отырыстың негізгі мақсаты – медиация институтын дамыту, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылау және бекіту болды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстыру, талқылау және бекіту;
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы аясында медиация институтын дамыту;
«Елдесу және татуласу» жобасы аясында Сайрам ауданында 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар.
Жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Таукеева Жанат Пазылбекқызы және Медиация кеңесінің мүшесі, қоғамдық медиатор Даванова Саяра баяндама жасады.
Отырыс барысында қатысушылар медиацияның қоғамдағы рөлі, дау-дамайлардың алдын алу, азаматтық келісім мен татулықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстарын білдірді.
Жиынды қорытындылаған Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау жолындағы медиаторлардың еңбегіне алғыс білдіріп, айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізілетінін атап өтті.
Түсіну – татуласу – бірігу!

