ТҰРҒЫННАН 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СОМАСЫНДА АҚША БОПСАЛАҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті адамдарды ұстады. 4 күдікті – Сайрам ауданының тұрғындары.

Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды. Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды