Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Алаяқтықтың жаңа түрлері көбейіп, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың қаржылық зиян шегу фактілері жиілеп отырған қазіргі кезде, полиция қызметкерлері тұрғындарға қауіптің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Базарлар мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары түсіндірілуде. Сонымен қатар, ақпараттық ескерту роликтері мен хабарландырулар арқылы таратылуда.
Полиция қызметкерлері азаматтарды бейтаныс тұлғаларға жеке деректерін, банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және күмән туғызатын онлайн операциялардан бас тартуға шақырады. Төлеби аудандық полиция бөлімі тұрғындарды қырағылық танытып, алаяқтардың арбауына түспеуге үндейді.