Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев тиісті бөлім басшыларымен бірге Ақсукент аумағындағы бірқатар инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен аудан басшысы Абылай хан даңғылы бойындағы көше жарықтарының жұмысын, жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайын және тазалық деңгейін тексеріп шықты. Ол тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала жетекшілеріне инфрақұрылымды жақсарту және санитарлық тәртіпті сақтау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, әкім Ақбұлақ бағытындағы көпірдің қазіргі ахуалымен танысып, мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек, аудан әкімі Мәртөбе алаңы мен Сайрам базарының маңын аралап, көше жарықтарын, көлік қозғалысын және тұрақ аймақтарының жағдайын бақылады.
Базар алдындағы автотұрақта жүргізушілерге ыңғайлы әрі реттелген тұрақ орындарын көбейту, сондай-ақ айыппұл жағдайларын болдырмау жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.
Сапар барысында Ақсукент ауылындағы Манкент теміржол станциясының реконструкциясы барысы да қаралды. Аудан басшысы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қозғалыс инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

