ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШТЕР ДЕПУТАТТЫҢ ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мырзахметов Қанат Маратұлы тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдау мақсатында жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың күнделікті өмірінде туындап отырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелерін зерделеп, оларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып шешуге ықпал ету.

Қабылдау барысында тұрғындар жеке тіс дәрігерінен сапалы қызмет ала алмау, А.С.Пушкин мектебінің спорт залының стандартқа сай еместігі мен кабинеттердің жетіспеушілігі, оқушылардың сыймауына байланысты қосымша 100 орындық мектеп салу қажеттігі, сондай-ақ үлкен сыныптарға Мырзакент спорт сарайында сабақ өткізуге және жаттығуға рұқсат беру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, бір тұрғын үй кезегіндегі нөмірінің кейінге шегерілгенін айтып шағымданса, Бекболатов көшесіндегі ағаштарды бұтау, С.Рахымов мектебінің ауласындағы ескірген футбол алаңшасын жөндеу жөнінде де өтініштер білдірілді.

Қабылдау барысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер депутат Мырзахметов Қанат Маратұлының жеке бақылауына алынды. Әрбір мәселе заң аясында тиісті мекемелерге жолданып, орындау мерзімдері бойынша кері байланыс қамтамасыз етілетін болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды