Түркістан облысының көлік бақылауы инспекциясында ведомство басшысы Ербол Ахметовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы хабарлады.
Жиында қызметтің нәтижелері мен қызметкерлердің негізгі тиімділік көрсеткіштерін орындау барысы қаралды. Ерекше назар ағымдағы айдың жоспарларын сапалы орындауға, қызметтік тәртіп пен инспекторлардың жауапкершілігіне аударылды.
Басшы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмейтінін еске салып, әрбір қызметкердің өз жұмыс нәтижесі үшін жеке жауапты екенін атап өтті.
Инспекцияда өңірдегі көлік бақылауының ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасатыны айтылды.

