Бүгін Төлеби ауданындағы ҚАЖД-нің №55 мекемесінің жеке құрамымен маңызды кездесу өткіздік. Жиынның негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін көтеру. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Кездесуді аталған мекеменің басшысының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы ашты. Іс-шараға мен, AMANAT партиясының Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы ретінде, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова қатысты.
Өз сөзімде еліміздің жетекші партиясы – AMANAT партиясының “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасында белгіленген “Жемқорлықтан арылған, қауіпсіз және құқықтық мемлекет” бағытына тоқталдым.
“Бүгінгі жиын – формалды жиналыс емес. Бұл – ел тағдыры, болашақ ұрпақтың сенімі, қоғамдағы әділеттің тағдыры шешілетін ортақ жауапкершілік алаңы”, — деп атап өттім.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына тосқауыл, азаматтардың әділетке сенімін жоғалтатын ең қауіпті факторлардың бірі. Сондықтан оған тек заң аясында ғана емес, қоғамдық, адами және моральдық тұрғыдан қарсы тұру – әрбір азаматтың, әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.
AMANAT партиясы бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіп келеді:
— Партиялық бақылау комиссиясы арқылы қызметтің ашықтығына бақылау жасалуда;
— Азаматтардың арыз-шағымдарына жедел әрекет ету тетіктері күшейтілді;
— Мемлекеттік қызметке қабылдауда ашық конкурс пен меритократия қағидаттары қолдау табуда.
Мемлекеттік қызметкер – бұл халықтың аманатын арқалаған тұлға. Оның әрбір шешімі заң мен ар-ұждан таразысынан өтуі тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: “Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек жазалау шарасы емес, бұл – жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру ісі.”
Сондықтан біз тазалыққа, әділетке және ашықтыққа негізделген жаңа басқару мәдениетін бірге қалыптастыруымыз керек.
Кездесу барысында волонтер Гүлбақыт Сейсенбекқызы де сөз алып, түсіндіру жұмыстары мен бейнематериалдар арқылы тақырыпты терең ашып берді.
Қоғамда сенім мен әділет орнату – бір күндік жұмыс емес. Бұл – жүйелі, үздіксіз жүргізілетін үлкен күрес. Біз осы жолда бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз.