СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, департамент басшысы А.Туребаев мереке қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті, әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау міндеттерін еске салды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті хабарлады.

Талқылау барысында мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалары, атап айтқанда, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуына жол бермеу, қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбауға және деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау қажеттігіне ерекше назар аударуды ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды