СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Алмасбекұлы Қасымовтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы хабарлады.

Сессияға аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат аппаратының басшысы, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісінде сессияға жолданған Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Сұңғат Амангелдиевтің, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов пен аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейірхан Құрбанбаевтың, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сырабат елді мекенінің  шекараларын өзгерту және белгілеу бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Азамат Серікбай мен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі және аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязовтың баяндамалары қаралып, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды