СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 6 қазан күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Туребаев сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің этикалық ережелері мен нормаларын сақтауға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалары, атап айтқанда, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуына жол бермеу, қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау ерекше назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды