СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шақырық елді мекеніндегі ауыз сумен жабдықтау құрылысы бойынша мониторинг жүргізу туралы ақпаратты «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы хабарлады.

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округіне қарасты Шақырық елді мекенінде ауыз сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары бойынша 2025 жылғы 9 қазанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторингке: «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев, аудандық мәслихат депутаты С.Топшақов, Созақ ауыл округінің маманы, «Созақ аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің маманы Х.Асқаров, мердігер мекеменің учаскелік жетекшісі Е.Қожақ қатысты.

Жобаның негізгі мәліметтері:

Тапсырыс беруші: «Созақ аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Бас мердігер: «ИНЬЕКО ЛТД СТРОЙ» ЖШС

Авторлық қадағалау: «ДиК-проект» ЖШС

Техникалық қадағалау: «ЖАСЫЛ АЛЕМ СЕРВИС» ЖШС

Жоба құны: 1 982 400,00 мың теңге

2024 жылға қаралған қаржы: 147 900,00 мың теңге

2025 жылға қаралған қаржы: 358 000,00 мың теңге

Құрылыстың басталуы: 2024 жылғы қыркүйек

Құрылыстың аяқталуы: 2025 жыл

Мониторинг барысында анықталған жағдайлар:

Су жинау үшін қарастырылған үш бассейннің екеуі қапталған, үшіншісіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Су құбырын тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде, қазіргі таңда 5 шақырымға жуық су құбыры тартылған.

Құрылыс алаңында екі бригада, 20 жұмысшы және 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазылған 3 ұңғы құдықтың су мөлшері мол, жер асты суы өздігінен шығып жатыр.

Созақ–Қаратау облыстық маңызы бар автожол қиылысынан асфальт жабындысын бұзбай, тесу әдісімен су құбыры өткізілген.

Жер асты құбырларын сапалы жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауыл ішіндегі су таратқыш бетон сақиналарды орнату жұмыстары баяу жүріп жатыр. Осыған байланысты құрылыс қарқынын арттыру, жылы ауа райын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды