СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРМЕН КҮРЕСКЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Түркістан облысы Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 айда 359 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде, заңсыз айналымнан жалпы 1 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 келіге жоғары.

«Трамадолды» заңсыз сату фактісімен айналысқан 4 адамнан құралған ұйымдасқан 2 қылмыстық топ әшкереленді.

Синтетикалық есірткілермен күреске ерекше назар аударылуда: 36 адам ұсталып, 3 келіге жуық синтетикалық заттар тәркіленді. Аса ірі көлемде есірткіні сақтау — 18 дерегі, есірткі лабораториясымен байланысты 2 факт анықталды.

Профилактикалық мақсатта «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы 1114 сайт бұғатталды. «Антифрод» жүйесі арқылы 1346 банк шоты бұғатталып, заңсыз 70 млн. теңгенің аударылымы тоқтатылды.

Көше граффити жазбаларын өшіру бойынша 115 іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 190 есірткі жарнамалау, насихаттау жазбалары өшірілді.

«Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында  Қызылорда және Жамбыл облыстарының шекара аумақтарында 2 тосқауыл бекеті қойылды.

Нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткінің заңсыз айналымынан 13 есірткі тасымал арнасы тоқтатылып, жалпы  40 келіден астам «марихуана» есірткі заттары тәркіленіп, 5 тұлға қамауға алынды.

Заңсыз егу — 69 деректі анықталып, жалпы 62 938 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.

«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасының үш кезеңінде, барлығы 12 қылмыстық және 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 2640 «Трамадол» психотроптық заты және 360 тонна прекурсорлар мен түрлі әсері күшті дәрілік-препараттар тәркіленді.

Қазіргі таңда есірткіге қатысты жедел-іздестіру жұмыстары және жастар мен жергілікті тұрғындар арасында нашақорлыққа қарсы профилактикалық алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды