ШЫРАҚШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Киелі орындарында көрсетілетін діни рәсімдер» және «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Зиярат орындарында қызмет көрсететін шырақшылардың қызмет сапасы мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен жиында шырақшыларға қойылатын талаптар күшейтілетіні талқыланып, киелі орындардың айналасын таза ұстап, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау керектігі айтылды.

Іс-шараға облыстық  дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен басқарма қызметкерлері, мәдениет және туризм басқармаларының орынбасары мен бөлім басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар, «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің вице-ректоры,  БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды