Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
21 наурыз күні Шымкент қаласындағы алты ірі алаң мен саябақтарда бір мезетте Ұлыстың ұлы күніне орай халықтық мерекелік шаралар өтеді.
Аталған орындарда:
концерттік бағдарламалар
қолөнер шеберлерінің көрмелері
ұлттық спорт түрлерінен жарыстар
дәстүрлі тағамдар фестивалі ұйымдастырылады
Сағат 11:00-де «Астана» алаңында Наурыз мейрамының мәнін ашатын театрландырылған қойылым көрсетіледі.
Күндізгі мерекелік концертке жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова қатысады.
Сонымен қатар «Астана» алаңында:
робототехника көрмесі, интерактивті пианино, қазақтың көшпелі өркениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын VR ойын алаңшалары және цифрлық киіз үй ұсынылады.
Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында жергілікті өнер жұлдыздарымен қатар гала концерттің хедлайнерлері – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді.
Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.

