Шымкент қаласында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өзгеше игі іс-шара өтті. Еңбекші ауданында кәсіпкердің қолдауымен тазалық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген аруларға тегін сұлулық қызметтері көрсетілді. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Күнделікті жұмыста жүрген аналар бір сәтке көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше сый-құрметке бөленді.
Бұл игі бастама күнделікті еңбегімен қала тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген әйелдер қауымына ілтипат білдіріп, алғыс айту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қаламыздың тазалығына, абаттандырылуына өз үлесін қосып жүрген барша әйел азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

