ШЫМҚАЛА ГҮЛГЕ ОРАНАДЫ

Биыл мегаполистегі көшелердің бойлары мен қоғамдық орындарға жалпы саны 1,6 миллион гүл отырғызылады. Осы мақсатта Асар шағынауданында 2 аумағы гектарлық жылыжайда көп жылдық гүлдер өсірілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жылыжайда күлгін эхинацея, көк сальвия, мамықты пеницетум, қытай мискантусы, өрік түстес ірі гүлді гайлардия, қызыл реңкті ірі гүлді гайлардия, сары түсті ірі гүлді гайлардия және таржапырақты лаванда тұқымдас гүлдер өсіп тұр.

Қазіргі таңда гүлдер қаладағы магистральды көшелердің бойына егілуде. Олар заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы суарылып, барлық агротехникалық талаптарға сәйкес күтіп-бапталады.

Жылыжайдағы гүл қоры 2026 жылға қажет гүл қорын алдын ала дайындауға және қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыруға мүмкіндік береді. Осылайша қала аумағын көгалдандыру және экожүйені жақсарту қолға алынған.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды