ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУДЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев жеке инвестор Тасқынбай Бұрлыбаевпен кездесіп, Қайнарбұлақ ауылдық округі аумағында «ТАТА» индустриалды аймағын салу бойынша келіссөз жүргізді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің бойында орналасатын индустриалды аймақтың жалпы көлемі 21 гектарды құрайды. Ал, жоба құны — 5 миллиард теңге. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бұл Сайрам ауданы үшін стратегиялық бастама болып отыр. Өйткені аудан аумағында дайын индустриалды аймақтың болуы шетелдік және отандық инвесторларды тартуды айтарлықтай жеңілдетеді. Инженерлік инфрақұрылымы толық қамтамасыз етілген, өндіріс алаңдары дайын аумаққа келуге ниетті кәсіпкерлер үшін бұл — үлкен мүмкіндік. Индустриалды аймақтың ішінде жұмысшыларға арналған жатақхана, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар, мешіт және басқа да қажеттіліктер қарастырылған. Заманауи талаптарға сай салынатын аумақта жиһаз шығаратын өндіріс орны мен техника құрастыратын зауыт орналастыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрып, аудан экономикасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды