«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттер Төлеби ауданында жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясында, «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерінің бастамасымен маңызды шешім қабылданды. Атап айтқанда, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне қолданылатын мөлшерлеме 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
Бұл өзгеріс:
- кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтады;
- шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін береді;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді;
- жергілікті экономиканың жандануына оң әсер етеді.
Қабылданған шешімнің негізгі мақсаты – ауданда кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру, экономикалық белсенділікті арттыру және іскерлік ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсету, өңір экономикасын нығайту бағытындағы бастамаларды жүйелі түрде жалғастырады.

