ҮШ ТӘУЛІКТЕ 400-ДЕН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Сайрам ауданында «Бір нүктелік» кең ауқымды профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 150-ге жуық полиция қызметкері мен жедел қимылдайтын арнайы жасақ жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауданның әр нүктесінде 20-ға жуық уақытша блок-бекет орнатылып, қару иелерін тексеру мен тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Оның ішінде интернет алаяқтықтың, есірткі қылмысының, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі,ойын-сауық орындарында болуы сияқты жағдаяттардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Тек 3 тәуліктің ішінде 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шаралар қабылданды.

Сондай-ақ мас күйде автокөлік басқарудың 1 фактісі тіркелді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды