САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Азаматтық қызметшілердің еңбек демалыстарына сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығарда сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы көлемінде белгіленеді.

ҚР Еңбек кодексінің 139 б. 10 т. сәйкес, азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақысы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы.

13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау

  1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

4) еңбек демалысын берумен бірге ЖЫЛ САЙЫН САУЫҚТЫРУҒА арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Педагогтарға ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы белгіленген.

Мысал ретінде, СІЗДЕ 20 САҒАТ БОЛСА, САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ СОЛ БАРЛЫҚ 20 САҒАТҚА БЕРІЛЕДІ.

Осылайша, жалақының негізгі бөлігі есептеледі, оған еңбекақы жүйесінде қарастырылған үстеме мен қосымша ақылар кірмейді және де, ол қызметкердің шын мәнінде, лауазымдық айлықақысы болып табылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды