Қаржылық мәдениет пен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту — бүгінгі қоғамның маңызды міндеті. Осы мақсатта Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұқаралық ақпарат құралдары арасында «САУАТТЫЛЫҚ САРДАРЫ» атты шығармашылық байқау жариялайды.
Қаржылық қауіпсіздік және «FIN IQ» республикалық диктантының идеясын кеңінен насихаттау, сапалы журналистика мен терең ойлы талдауды қолдау.
1. Контенттің тереңдігі және әдістемесі
– Диктант тақырыбына арналған аналитикалық мақалалар;
– ЭТТД басшысы немесе сарапшылармен жеке сұхбаттар;
– «Алаяқтық схемаларын талдау» сынды түсіндірме материалдардың мазмұны мен сапасы.
2. Жарияланым жүйелілігі
– Диктант қарсаңындағы және қорытынды кезеңіндегі жарияланымдар саны;
– Материалдардың тұрақтылығы мен ақпараттық белсенділік деңгейі.
3. Қоғамдық пікірді қалыптастыру
– Оқырманнан түскен кері байланыс (пікірлер, хаттар);
– Түркістан облысы тұрғындарының өзекті қаржылық мәселелерін көтеру;
– Материал арқылы қоғамға практикалық кеңес беру және түсінікті жеткізу.

