«FIN IQ – қаржылық қауіпсіздік диктанты» аясында
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті блогерлер арасында
«Сауаттылық елшісі» байқауын жариялайды!

Мақсат – халық арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік мәдениетін кеңінен насихаттау!
Ал сенің миссияң – осы игі істі трендке айналдыру!

Байқауға қатысу шарттары:

Instagram немесе TikTok-та жазылушыларың саны 75 000-нан кем болмауы тиіс;

Контент жоғары сапалы, шығармашылықпен дайындалған болуы қажет;

Жарияланған постың қаралым, лайк және пікір санына назар аударылады;

Контент қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік диктантының маңызын насихаттауы керек;

БАС ЖҮЛДЕ — iPhone 17 Pro Max!
(иә, дәл сол жаңа модель!)

Қатысып, өз аудиторияңа пайдалы контент ұсын, елге үлгі бол,
және бастысы — заманауи қаржылық мәдениетті қалыптастыруға үлес қос!

Байқау өтетін мерзім: 10–20 қазан, 2025 жыл

Түркістан облысы әкімдігі және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен

Тренд басталды! Сен барсың ба ішінде?

Түсір, жарияла, тарат — және өзіңді ел танысын!