САТУШЫ ТӨЛЕМДІ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА…

Егер дүкенде тұтынушыдан төлемді төлем карталары арқылы қабылдаудан бас тартса, мұндай жағдай туралы тұтынушы мемлекеттік кірістер органдарына (салық қызметіне) өтініш бере алады. Аталған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 194 және 195-баптарына сәйкес, 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлады.

Кәсіпкерлер онлайн төлемдерді қабылдауға келесі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде міндетті:

  • Көтерме және бөлшек сауда;
  • Қонақ үй қызметтерін ұсыну;
  • Мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтануды ұйымдастырудың басқа түрлері және сусындар беру;
  • Жол жүру құжаттарын (билеттерді), багажды сату және әуе және теміржол көлігіне жүк-багаж түбіртектері;
  • Туроператорлар және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа);
  • Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер;
  • Білім беру саласындағы қызметтер;
  • Кинофильмдерді, бейнелерді тарату қызметі және телевизиялық бағдарламалар;
  • Кинофильмдер көрсету;
  • Фитнес-клубтардың, спорт клубтарының, дискотекалардың қызметі;
  • Автомобильдер мен мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

Жоғарыда аталған жеке қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 қаулысымен бекітілген. Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) және (немесе) жедел төлемдер жүйесін пайдалану міндетін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл талап «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағында көзделген.

Аталған талап өзінің ауыл шаруашылығы өнімін немесе аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін көтерме және бөлшек сауда саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырған жағдайда қолданылмайтынын атап өту маңызды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды