САПАЛЫ ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Жол сапасын жақсарту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасына енген маңызды басымдық. Сапалы жол экономикалық өсімге жол ашатын және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға серпін беретін фактор. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның Түркістан облыстық филиалы бекіткен Жол картасында облыс көлемінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2027 жылға қарай 96 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Осы арқылы аймақаралық логистиканың дамуына серпін беру, ауданаралық және ауыл жолдарының жағдайын жақсарту міндеті белгіленген.

Биылдың өзінде Түркістан облысында 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, жыл соңына дейін оның 951 шақырымнан астамы пайдалануға беріледі деп межеленген. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 225,2 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, аудандық маңызы бар 130,7 шақырым көшеге, елді мекендердегі 885,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 140 елді мекенде жалпы ұзындығы 395,5 шақырым көшеде құрылыс жұмыстары басталған. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 94,7 пайызға жеткізу жоспарланған.

Азаматардың жол құрылысы саласына қатысты сауалдары мен жол сапасын арттыру бойынша партия белгілеген міндеттердің орындалуы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция депутаттарының отырыстарында, партиялық алаңда тоқсан сайын өтетін кеңестердің мәжілістерінде тұрақты қаралып, өзекті деген мәселелердің орындалуы партиялық бақылауға алынады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды