САПАЛЫ ӨНІМ – ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

Бүгін Шардара қаласы, Өтеғұл шағын ауданында орналасқан «Батырхан» көкөніс сақтау қоймасы аумағында Қ.Тұрысбеков, Көксу, Ұзыната, Сүткент, Ақшенгелді ауыл округтеріндегі шаруалармен өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңке барысында пияз, қауын, қарбыз,  көкөніс, күріш және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Аталған жәрмеңке әр аптаның сенбі күні арнайы бекітілген кестеге сәйкес «Батырхан» көкөніс сақтау қоймасы аумағында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды