САЛҒЫРТТЫҚҚА, ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ЕСКЕРТЕДІ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!!!

Жылыту маусымы басталуына орай, үйде жылыту қазандықтарын қосудан бұрын төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірінші кезекте пештің құбырлары мен мұржаларын құс ұяларынан, шлак қалдықтарынан тазалау қажет. Себебі тазаланбаған мұржадан от жанбай көмірдің, газдың улы иісі ішке ұрып, адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайға алып келеді.

Жылыту қазандықтарының, құбырларының ақау жерлерін сылап, әктеп қою керек.

Пеш алдына 50х50 см қаңылтыр темір орнату керек. Себебі пеш аузынан түскен шоқтардың тұтануына жол берілмейді.

Пештің алдына айналасына жанғыш заттарды жинауға жол берілмеуі қажет.

Пешті жағу үшін тез тұтанғыш заттарды (бензин, керосин.тб) пайдаланбау қажет.

Түнгі мезгілде жатар алдында,  пешке көмір салмау керек.

Пештің мұржасы шатырдан биік орналасуы керек. Сол кезде от жақсы тартатын болады.

От жағу маусымында жас балаларды үйде бақылаусыз қалдырмау қажет.

От жағылатын пештердің мұржасын мүмкіндігінше ай сайын тазалап тұру қажет.

От жағу пешін шамадан тыс қатты қыздырып жағуға болмайды. Себебі жарылыс қауіпін тудыруы мүмкін.

Егерде пешке от жағу кезінде от тартпай,  иісі ішке ұрып жатса, тез арада от жағуды тоқтатып, пешті тазалап тастау керек және есік терезелерді ашып ішкі ауаны тазарту керек. Немесе 101,112 нөміріне хабарласыңыз.

Табиғи газбен жылытылатын пештерді қосар алдында, газ мамандарына тексертіп алу қажет.

Ауданда арнайы газ инспекциясының мекемесі бар.

Телефон номері: 8-701-495-25-25

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары Сіздерді жылыту маусымын  қауіпсіз өткізуге шақырамыз!

Салғырттыққа, қайғылы жағдайларға жол бермейік!!!

Өрт қауіпсіздігіне байланысты сауалдарыңыз болса 102, 112 нөмірлеріне кез келген уақытта хабарласыңыздар. Осы ережелерді барлық таныстарыңызға, чаттарға таратуларыңызды сұраймыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды