ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Мейрамхан Жұбайханұлы Кемелханов Шардара ауданы Алатау батыр ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Кездесу барысында тұрғындарға тұрмыстық жылыту құралдарын дұрыс пайдалану, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану және балалардың отпен ойнауына жол бермеу туралы кеңестер берілді. Сондай-ақ, өрттің алдын алу шаралары жөнінде ақпараттық парақшалар таратылып, азаматтарға өз үйлерінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді.

Мейрамхан Жұбайханұлы атап өткендей, өрттің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтап, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға барынша жауапкершілікпен қарау сұралды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды