Түркістан облысы көлеміндегі мәдениет нысандары құрылыстарының өзекті мәселелері кешегі өткен облыстық партиялық бақылау комиссиясының отырысында арнайы қаралған болатын. Аудан, қалаларда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асқан зерделеу жұмыстарына жергілікті мәслихат депутаттары, аумақтық партиялық бақылау комиссиялары, жергілікті партия филиалдары жұмылған еді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы санатта партия өкілдері қоғамдық бақылау жүргізген нысандардың бірі – Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылысы. Ауыл халқы үшін аса маңызды әлеуметтік нысанның барлық құрылыс кезеңдері партияның Төлеби аудандық филиалының жүйелі бақылауына алынған, аудандық мәслихаттағы партиялық фракция депутаттарымен бірлесе бірнеше мәрте партиялық бақылау жүргізіліп, мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын жеделдету бойынша бірқатар нақты міндеттерді қойған болатын.
Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Ерболат Көшербайұлы, Дильмурат Омаров, партияның Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, Киелітас ауылдық округі әкімінің орынбасары Наби Садықбеков және басқа да партия өкілдері 11 және 20 қазан күндері аталған нысанда қоғамдық бақылау жүргізіп, құрылыс жұмыстарының қарқын алуына ықпал етті. Қайта жүргізілген зерделеу барысында бір апта ішінде құрылыс алаңында біршама ілгерілеу бар екені байқалды.
Партиялық бақылаудың нәтижесінде құрылыс алаңындағы жұмысшылардың саны артты, қажетті техникалар жұмылдырылды, ғимарат шатырын жабу, инженерлік инфрақұрылым тарту, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу барысында өндірістік кестенің сақталуы қамтамасыз етілді.
Мәдениет үйі – ауыл тұрғындарының рухани дамуына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік беретін маңызды орталық болмақ. Сондықтан да мұндай әлеуметтік маңызы бар нысандардың уақтылы әрі сапалы іске қосылуы – «AMANAT» партиясы үшін басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырыла береді. Партияластарымыз қоғам игілігіне арналған жобалардың табысты жүзеге асуына атсалысып, қоғамдық бақылау жүргізуді белсенді жалғастырады. Ауылдың өркендеуіне бағытталған әрбір жобаның сәтті орындалуы – баршамызға ортақ міндет деп білеміз.

