ӘРБІР ЖАСТЫҢ ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН БІЛУІ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №33 жалпы білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Қаржылық алаяқтық және лудомания» тақырыбында  кездесуі өткізілді. Бұл туралы Облыстық Жастар Орталығы хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қоғамда жиі кездесетін алаяқтық түрлерінің алдын алу болып табылады.

Кездесуге Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің «Ұйымдастыру-бақылау» басқармасының қызметкері Ермахан Мырзабай Болатұлы арнайы қатысып, оқушыларға заманауи қоғамда белең алып келе жатқан лудомания мәселесі мен оның адам өміріне тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, қаржылық алаяқтықтың түрлі әдістері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, сонымен күресу жолдары мен сақтық шаралары жөнінде пайдалы мәліметтермен бөлісті.

Шара барысында оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Маман нақты өмірлік мысалдар арқылы қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, әрбір жас азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі — қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды