ӘРБІР ДАУЫС – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

Қазығұрт ауданындағы №307 дауыс беру учаскесінде Социалистік еңбек ері Төле Ағабеков өз дауысын берді. Ол ел тарихында елеулі еңбегімен танылған азамат. Ақсақалдың референдумға қатысуы — жастар мен тұрғындарға азаматтық жауапкершіліктің, қоғамға деген белсенділіктің үлгісі болды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Референдум – халықтың мемлекеттегі аса маңызды мәселелер бойынша өз еркін тікелей білдіретін демократиялық тетіктердің бірі. Сондықтан референдумға қатысу әр азаматтың азаматтық жауапкершілігін, ел тағдырына деген бей-жай қарамайтын көзқарасын көрсетеді. Бұл – тек дауыс беру ғана емес, қоғамның болашағына әсер ететін шешім қабылдау үдерісіне белсенді араласу деген сөз. Демократиялық мемлекетте биліктің қайнар көзі – халық. Ал референдум сол халықтың өз еркін тікелей білдіруіне мүмкіндік береді. Әр азаматтың берген дауысы елдегі маңызды өзгерістерге, заңнамалық бастамаларға немесе мемлекеттік саясаттың бағытына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Әрбір азаматтың пікірі маңызды, белсенді қоғам ғана тұрақты әрі дамыған мемлекет құра алады. Сондықтан референдумға қатысу – болашаққа жасалған жауапты қадам», — деді Төле Ағабеков.

Жалпы Қазығұрт ауданында 60 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 64 473-ті құрайды. Барлық учаскелер таңғы сағат 7:00-ден бастап өз жұмысын бастап, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды