ПОЛИЦИЯ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ КЕПІЛІ

23 маусым – Полиция күні!

Полиция – мемлекеттің тірегі, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің кепілі. Сіздер өз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тіге отырып, өзге адамдарға бірінші болып көмекке келесіздер, әр елді мекенде, ел астанасы мен ең шалғай ауылдарда заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз етесіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан құқық қорғау органдарының тиімді әрі жауапты жұмысының мәні мен маңызын атап өтіп келеді. Әрбір азамат өзін қорғалған әрі қауіпсіз сезінуі керек. Осыған байланысты, мемлекет кадрлық әлеуетті нығайту, полиция қызметкерлерін материалдық тұрғыда көтермелеу, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.

Кейінгі жылдары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында полиция қызметкерлерінің жалақы мөлшері едәуір артты, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету кепілдігі кеңейтілді, техникалық жарақтандыру барысы белсенді жаңартылуда және жаңа учаскелік пункттер пайда болуда.

Біз барша полиция қызметкеріне батылдығы, адалдығы және темірдей төзімділігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды