ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ӨЗДЕРІНЕ БЕКІТІЛГЕН ӘКІМШІЛІК АУМАҚТАРДЫ АРАЛАУДА

Сарыағаш ауданында «Учаске» іс-шарасы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,  жедел жағдайды жақсарту, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу мақсатында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған орай Сарыағаш аудандық полиция бөліміне қарасты 100-ге жуық учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта тұрғындармен танысу және түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау үшін барлық үй-жайлар мен ұйымдарды аралап танысуда.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандар тексерілуде.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды